«Сарыарқа - елдің жүрегі, түбектің сенде тілегі!» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сарыарқа - елдің жүрегі, түбектің сенде тілегі!»

18.07.2015
«Сарыарқа - елдің жүрегі, түбектің сенде тілегі!»

Маусым айында Астанада Маңғыстау облысының мәдениет және өнер күндері аясында бірқатар шаралар өткен . Онда Маңғыстау өңірінің көрнекті мәдени қайраткерлері елорда тұрғындарын шығармашылықтарымен таныстырды.

Ақын Оңайгүл Тұржанның шығармашылық кеші,  ҚР Еңбек сіңірген мәдени қайраткері, күйші Сержан Шәкіраттың «Күй құптаны» концерті көрермен назарына ұсынылды. Сондай-ақ, М.Горький атындағы орыс драма театрында Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театры «Абылай хан» қойылымын сахналады.

Мәдениет күндері барысында қалалық қуыршақ театрында «Қаңбақ шал» қойылымы мен «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау» көрмесі халық назарына ұсынылды.

Астана жұртшылығына арналған Маңғыстау аймағы өнер шеберлерінің «Сарыарқа - елдің жүрегі, түбектің сенде тілегі!» атты гала-концертін бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:05-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу