Елімізде тұңғыш рет «Шолақ қол келіншек» қойылымы сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тұңғыш рет «Шолақ қол келіншек» қойылымы сахналанды

01.05.2018

Ақыт Үлімжіұлының шығармасы негізінде «Шолақ қол келіншек» қойылымы елімізде тұңғыш рет Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында рет сахналанды. Бар өмірі мен өнерін халқы үшін сарп еткен қазақтың ақыны, халық ағартушысы туралы дерек тым аз. Алайда, шығысқазақстандық әртістер бірегей тұлға жайлы деректерді шетелдік ғылыми еңбектер мен басылымдардан да іздестірген. Нәтижесінде көрермен назарына тағылымға толы «Шолақ қол келіншек» қойылымы жол тартты. Рухани құндылықтарды, имандылық пен мейірімділікті насихаттаған туынды көрерменнің көзайымына айналды. Ақыт Үлімжіұлының 150 жылдығына орай маусымның 8-і Алматыда халықаралық конференция өтеді. Жергілікті өнер ұжымы сол кезде қойылымды Мұхтар Әуезов театрында сахналамақ. 

Роза Татаева, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры:

- Осында қонаққа келіп едім. Керемет спектакльге кездестім. Жалпы, мұндай қойылымды, жастардың ойынын күткен жоқ едім. Мен сондай керемет қуаныштымын. 

 

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу