«Астана опера» театрында «Біржан - Сара» қойылымы сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана опера» театрында «Біржан - Сара» қойылымы сахналанды

29.11.2018

«Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында «Біржан - Сара» қойылымы сахналанды. Либреттосын Қасым Жұмалиев жазған бұл туындыны алғаш рет 1946 жылы композитор Мұқан Төлебаев көрерменге ұсынған болатын. Екі бөлімді лирикалық драмалық опера режиссер Асхат Маемировтың редакцияланған нұсқасында шығып отыр.

Біржан сал мен Сара ақынның айтысы, олардың кіршіксіз сезімі арқау болған опера сахнасы ұлттық бояуға қанық шыққандай. 19 ғасырдағы қазақ өмірі, сауда-саттық пен той-думанның ортасы, Қоянды жәрмеңкесіндегі қыз-қыз қайнаған тіршілік әдемі көрініс тапқан.

Мәдениетіміз бен өнерімізді ұлықтайтын «Біржан - Сара» шығармасы – қазақ операсының жауҺары.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу