Жолдаудағы 10 жаңалық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдаудағы 10 жаңалық

19.01.2014
Жолдаудағы 10 жаңалық
Әр Жолдаудың өз ерекшелігі бар. Мысалы, биылғы Жолдаудан іріктеп-іріктеп жілікті он жаңалыққа тоқталар едік.
 
Қоғамдық көліктер экологиялық таза отынға көшеді. Электромобильдер қолданылады. Соған сай инфрақұрылым жасақталады. Бұларды бір деңіз.
 
Екіншіден, Қазақстан ядролық энергетиканы дамытады және атом станцияларын салады.
 
Үшіншіден, ғылымға ЖІӨ-нің кемі 3 пайызы бөлінеді. Төртінші деп саусақ бүгіңіз, Қазақстан ұялы, мультимедиалық, нано және ғарыш технологиялары, робототехника, гендік инженерия, болашақ энергия көздерін іздеу және енгізуге ұмтылады.
 
Бесіншіден, жер нарығы ретеледі. Ауыл шаруашылығына жаңа технологиялар тартылады. Алтыншы деп бүгіңіз, табиғи азық-түліктен бөлек, шөлге төзімді гендік-модификацияландырылған дәнді-дақылдарды өсіруге ұмтыламыз. 
 
Жетіншіге Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты ашылады деп қосыңыз. Сегізінші жаңалық - міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енбек. Жұмыскердің денсаулығына мемлекет те жұмыс беруші де жауапты болады.
 
Тоғызыншы, елде қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын негіздейтін жаңа құжат - «Мәңгілік ел» Патриоттық актісі жасалады. Соңғы оныншы жаңалық - Қазақстанда мәдениетті саясаттың тұжырымдамасы жасақталады.

Хабарламаларға жазылу