Алексей Полторанин неден сүрінді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алексей Полторанин неден сүрінді?

10.03.2019

Ресейдің Красноярск қаласында қысқы Универсиада жалғасып жатыр. Қазақ қоржынында әзірге алты медаль. Алғашқы қоланы шаңғы акробатикасы бойынша Жанбота Алдабергенова алды. Тағы бір қазақ шаңғышысы Әсет Дүйсенов спринттік жарыста мәреге екінші болып келіп күміс медальға ие болды. Айта кетейін, Универсиада-2019 да Қазақстан намысын 95 спортшы қорғап жатыр. Олар қысқы спорттың 9 түрі бойынша бақ сынауда. Жанкүйерлер олардан әлі де ақжолтай жаңалық күтеді. Десек те, бүгінгі қаузайтын тақырып басқа. Дүрмегі дүниені шарпыған допинг туралы баяндаймыз. Естіген құлаққа түрпідей тиетін осы бір аты жаман затқа қатысты дау-дамай өршімесе басылған емес. Өкініштісі, допинг қолданғаны анықталып, басы пәлеге қалғандардың қатарында Қазақстан спортшылары да аз емес. Еліміздегі ең мықты деген шаңғышы Алексей Полтораниннің өзі үміт үдесінен шыға алмады. Полторанин неден сүрінді, неден бүлінді?

Ербол МӘНДІБЕК     

Хабарламаларға жазылу