Түркі қағандығы кезіндегі адамдардың саусақ іздері табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі қағандығы кезіндегі адамдардың саусақ іздері табылды

26.01.2016
Түркі  қағандығы кезіндегі адамдардың саусақ іздері табылды
Түркі  қағандығы кезіндегі адамдардың саусақ іздері табылды

Түрік археологтары Моңғолиядағы көне түркі ескерткіштерінің арасынан 1300 жыл бұрынғы саусақ іздерін тапты. Археологиялық қазба Тоныкөк ескерткішінің маңайынан табылған. Бұл туралы археологиялық зерттеу жұмыстарының жетекшісі түркиялық профессор Ахмет Ташагыл TIKA-ның баяндамасында мәлімдеді.

«Біз бірқатар археологиялық жаңалықтарды аштық. Алайда, олардың ең елеулісі 1300 жыл бұрын бедерленген саусақ іздерін тапқанымыз. Бұл өте қызықты тарихи жаңалық», - дейді профессор Ахмет Ташагыл. Оның айтуынша түрік археологтары 11 жәдігер тапқан.

Тоныкөк ескерткіші Түркі әлемінің тарихындағы ең ежелгі мұраның бірі. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған археологиялық жұмыстарды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында әрі ескерткішті қорғау үшін аймаққа 45 шақырым тасжол салдырған. Ал, 2005 жылы Түркия Білге қаған мен Күлтегін ескерткіштерінің қасына музей салғызып, бітік жазуды сол ғимараттың ішіне көшірткізген. Осылайша 1300 жылдық мұра желдің өті, жауын-шашынның астында қалмайтын болды. Енді осындай музейді Тоныкөк ескерткішінің маңайына салу да жоспарланыпты.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу