Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің атауы өзгертілді
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Парламент Сенатының жалпы отырысында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің атауы өзгертілді. Енді аталмыш комитет «Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті» деп аталады.
Конституциялық заңға сәйкес, тұрақты комитеттердің атауын Палата айқындайды. Осыған орай, Палата алдында сөз сөйлеген комитет төрағасы Ақан Бижанов Елбасының өткен жолғы Жолдауына тоқтала келе, ондағы басты мақсат республиканың әлемнің ең дамыған отыз мемлекетінің қатарына қосылу екенін атап өтті.
«Бұл тапсырманың сәтті іске асырылуы - мемлекетіміздің ғылымды қажет ететін экономика қағидаттарына негізделген индустриялық-инновациялық даму жолын күшейтумен байланысты. Осыған орай, Президент өзінің Жолдауында ғылымның дамуына ерекше назар аударды. Ғылым саласының құқықтық қамтамасыз етілуін күшейту мақсатында комитет атауын «Әлеуметтік-мәдени және ғылым комитеті» деп өзгертуді ұсынамыз», - деді депутат А. Бижанов.
Палата депутаттары ұсынысқа қолдау білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда ауыл тұрғыны 5 мыңға жуық кітап оқыған
28.07.2026, 13:12
Қазақстандық студент АҚШ-та беделді ғылыми марапатқа ие болды
28.07.2026, 13:10
Франция мен Испанияда өртпен күреске мыңдаған маман жұмылды
28.07.2026, 13:09
Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейді
28.07.2026, 13:08
Алматыда үш бағытты тоғыстырған ғылыми зертхана ашылды
28.07.2026, 13:06
СҚО-да кене шаққан тұрғын дақ безгегін жұқтырды
28.07.2026, 13:06
Түркістанда қоршаған ортаны ластағандарға 65 миллион теңге айыппұл салынды
28.07.2026, 13:05
Австралияда 60 жылда алғаш рет жаңа мұнай өңдеу зауыты салынбақ
28.07.2026, 13:04