Танымал америкалық телеарна НВО қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен ганалық Осуману Адама жекпе-жегін көрсетпейді. Телеарна Монте-Карло аренасының техникалық жабдықталу мәселесіне байланысты бас тартып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпан күні WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин ганалық Осуману Адамамен өткізетін жекпе-жекте чемпиондық атағын қорғайды.
Бұл жекпе-жекті тікелей эфирде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы көрсетеді.