Геннадий Головкин 26 сәуірде шаршы алаңға шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин 26 сәуірде шаршы алаңға шығады

20.01.2014
Геннадий Головкин 26 сәуірде шаршы алаңға шығады
WBA  тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин 26 сәуірде жекпе-жекке шығады.
 
К2 промоутерлік компаниясы бұл күні қазақстандық боксшының жекпе-жегі үшін Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасынан орын алып қойды.  

Головкиннің қарсыласы әзірге белгісіз. Алайда ол америкалық боксшы Джеймс Киркленд болады деп күтілуде. Киркленд өзінің соңғы жекпе-жегін желтоқсанда Глен Тапиамен өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске  жеткен.

Естеріңзге сала кетейік, Геннадий Головкин 1 ақпан күні Монте-Карлода шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы - Осуману Адама. Жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу