Головкин-Адама жекпе-жегі 100-ден астам елде көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин-Адама жекпе-жегі 100-ден астам елде көрсетіледі

01.02.2014
Головкин-Адама жекпе-жегі 100-ден астам елде көрсетіледі

Кәсіпқой бокстан WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің ганалық Осуману Адамамен өткізетін жекпе-жегін әлемнің 100-ден астам елі тамашалай алады.
 
«Бұл жекпе-жек Еуропа, Азия және Оңтүстік Африка аумағында тікелей эфирде көрсетіеді. Бұл Геннадий Головкин мәртебесін әлемдік спорт жұлдызы деп бағалау. Жекпе-жекке деген қызығушылық арта түсуде», - дейді қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер.
 
Айта кетейік, Головкин – Адама жекпе-жегінен Германия, Австрия, Швейцария, Чехия, Словакия, Венгрия, ТМД және Балтық елдерінің беделді телеарналары тікелей  трансляция жүргізеді.  Қазақстандық жанкүйерлерге «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир ұсынады.

Хабарламаларға жазылу