Фредди Роуч: Головкин мен Котто кездесуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фредди Роуч: Головкин мен Котто кездесуі мүмкін

28.07.2014
Фредди Роуч: Головкин мен Котто кездесуі мүмкін

Головкин-Гил жекпе-жегін тамашалауға келген WBC чемпионы Мигель Коттоның бапкері Фредди Роуч пуэрторикалық боксшының келесі қарсыласы Геннадий болуы мүмкін екенін жоққа шығарған жоқ. Бұл туралы Аllboxing.ru. мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«HBO телеарнасы Головкиннің 6 жекпе-жегін көрсету құқығына ие болды және олар чемпионға аса қызығушылық танытып отыр. Қазіргі уақытта Котто үшін нөмірі бірінші қарсылас - Сауль Альварес, дегенмен Головкин де келесі қарсылас атануы әбден мүмкін»,-дейді Роуч.

Айта кету керек, 33 жастағы пуэрторикалық боксшы Мигель Котто WBC нұсқасы бойынша чемпион атағына ие.

Мұның алдында Дэниэл Гилді 3-раундта сұлатып салған Головкин келесі жекпе-жегін Котто немесе Куиллинмен өткізгісі келетінін мәлімдеген болатын. Осылайша, оның орта салмақтағы барлық чемпиондық атақтарды біріктірмек ойы бар.  

Хабарламаларға жазылу