Головкин – Гил жекпе-жегін НВО көрсетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин – Гил жекпе-жегін НВО көрсетпек

09.01.2014
Головкин – Гил жекпе-жегін НВО көрсетпек
HBO телеарнасы қазіргі уақытта  WBA және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен австралиялық боксшы Дэниэль Гилдің (29-2, 15KO) жекпе-жегін тегін көрсету құқына ие болды. Бұл туралы Дэниэль Гилдің промоутері Гэри Шоу мәлімдеді деп жазады BoxingScene.com.
 
Дэниэль Гил 19 ақпанда Австралияның Сидней қаласында Гарт Вудпен (12-3-1, 8KO) жұдырықтасады. Ал Головкин (28-0, 25KO)  1 ақпанда Осуману Адамамен (22-3, 16KO) болатын жекпе-жекте чемпиондық атағын қорғайды.
Головкин 26 сәуірде НВО-да жекпе-жек өткізуді жоспарлаған. Шоудың пікірінше, бұл уақыт екі боксшыға да қолайлы.
 
Алайда промоутер НВО-ның қазіргі уақытта өзге де нұсқаларды қарастырып жатқанын айтты. Дегенмен Головкиннің келесі қарсыласы Джеймс Киркланд болуы мүмкін деген ақпарат та бар.

Хабарламаларға жазылу