16 жастағы жасөспірім жаңа рекорд жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16 жастағы жасөспірім жаңа рекорд жасады

19.01.2014
16 жастағы жасөспірім жаңа рекорд жасады
Британдық 16 жастағы жасөспірім Льюис Кларк Оңтүстік полюсті бағындырған ең жас саяхатшы ретінде жаңа рекорд жасады.
 
Ол   жалпы ұзындығы 1,1 мың шақырым болатын жолдың жартысынан көп бөлігін -50 градус аяз бен сағатына 200 шақырым жылдамдықпен соққан қатты желдің өтінде 48 күн ішінде жүріп өткен.
 
«Мен саяхатымды табысты аяқтағаныма қуаныштымын. Бұл өте ауыр болды, полюске жақындаған сайын, жүрісім баяулай берді», - дейді Льюис Кларк.
 
BBC агенттігінің хабарлауынша, енді ол өз табысын ресми түрде мойындату үшін Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге өтініш білдірмекші.

Хабарламаларға жазылу