Елордада белгісіз ер адам қызға әлімжеттік көрсетпек болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада белгісіз ер адам қызға әлімжеттік көрсетпек болған

21.04.2022

Елордада белгісіз ер адам подъезде 16 жастағы қызға әлімжеттік көрсетпек болды. Оқиға кешкі сағат 9-дан кете болған. Қыздың соңынан аңдып отырған ер адам оны қабаттар арасында ұстап алады. Бірақ, жасөспірім пәтеріне дейін қашып құтылған. Оқиға туралы полицияға қыздың әкесі хабарлаған. Қазір бұзақыны тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Подъездегі бейне бақылау камерасының жазбасы егжей-тегжей тексерілуде. Оқиға Полиция департаменті басшылығының бақылауында. 

Хабарламаларға жазылу