Шымкентте оқушылар төбелесіп, бір жасөспірім жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте оқушылар төбелесіп, бір жасөспірім жарақат алды

11.09.2019

Шымкент қаласының мектеп оқушылары арасында қарулы қақтығыс тіркелді. Бұған дейін өзара дүрдараз болып жүрген үш мектептің оқушысы «Теріскей» шағын ауданы маңында кездесіп, жанжалдасқан. Мұның соңы жұдырықтасуға ұласып, ақыр соңында жасөспірімдердің бірі қарсыласына пышақ сұғады. Салдарынан 16 жастағы мектеп оқушысы дене жарақатын алды. 

Оқиға орына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен екі жасөспірімді ұстап, абақтыға жапты. Олардан пышақ, шолақ мылтық және травматикалық тапанша тәркіленді. Бізге белгілі болғаны, жәбірленген оқушы - шаһардағы №65 мектептің шәкірті. Ал тапа тал түсте қару асынып жүрген №46 және №38 білім ұяларының балалары болып шықты. Оқиға қатысты қалалық білім басқармасы әзірге ешқандай ақпарат таратқан жоқ. 

Әсел Сәденова, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

Сонымен қатар полиция басқармасына 17 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Олардың құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоғы анықталуда. Жасөспірімдер арасындағы қақтығыс бір-бірін жақтырмау салдарынан орын алғаны анықталып отыр.

Ғани Қалмаханов



Хабарламаларға жазылу