Стокгольм Олимпиада өткізуден бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стокгольм Олимпиада өткізуден бас тартты

18.01.2014
Стокгольм Олимпиада өткізуден бас тартты
Стокгольм 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуден бас тартты. Бұл туралы «Швеция үшін альянс» билеуші коалициясына кіретін партия өкілдері мәлімдеді.
 
Партия мәлімдемесінде «Жарыстарды ұйымдастыру жаңа спорт құрылыстарын салу орасан инвестиция салуды талап етеді. Ойындар аяқталғаннан кейін олардың қажеті болмай қалады», делінген.
 
Бұдан бұрын Христиандық демкократтар, Солшылдар партиясы және Либеральдық партия дәл осындай мәлімдемелер жасаған болатын.
 
Ал 2013 жылғы қарашада Халықаралық Олимпиада комитеті Олимпиада-2022 үшін алты қала үміткер екенін хабарлаған-тын. Ендігі үміткер қалалар -  Бейжің, Осло, Алматы, Львов және Краков.
 
2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының астанасы 2015 жылы 31-шілдеде жарияланады.

Хабарламаларға жазылу