«Жаңалығым – шығармашылығыма жаңа әндер қосылуда. Жақында ғана Қалқаман Саринмен бірігіп жазған «Кіршіксіз мұң» деген ән дүниеге келді».
«Бастапқыда өзімді сазгер ретінде қабылдай алмайтынмын. Кейін әндерім сұранысқа ие бола бастағаннан соң, жазып, орындай бастадым. Соңғы кездері бірталай әнші менің әндерімді орындап жүр. 2013 жыл маған берекелі болды. Астана қаласында жеке шығармашылық кешімді өткіздім. Онда 25 ән орындалды. Сол 25-тің де авторы өзім»,-дейді әнші.