«Жаңа есім» айдарында – Асқар Әшім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаңа есім» айдарында – Асқар Әшім

05.05.2016
 «Жаңа есім» айдарында – Асқар Әшім

Асқар Әшім – Көкшетаудағы Біржан сал атындағы музыкалық колледжді тәмамдаған жас әнші. Қазір Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде дыбыс режиссері мамандығы бойынша білім алуда. Достарымен бірігіп, студия ашып, ән өңдеу жұмысымен де айналысады.

«Қазір репертуарымда 50-ге жуық ән бар. Әндерімді  Дос, «Бәйтерек» тобы сынды эстрадамыздың танымал жұлдыздары және өнерге енді қадам басқан достарым  орындап жүр. Әндерімнің сөзін көбіне Алмас Темірбай, Серікзат Дүйсенғазин, Мерген Тоқсанбай жазады»,-дейді ол.

Асқар Әшім  түрлі қала аралап, жеке концертін өткізіп, бейнебаян да түсірді. Өмірін өнермен байланыстырған ол отандық шоу-бизнеске жаңа серпін алып келгісі келеді.

«Қазіргі таңда еліміздегі шоу-бизнес қарқынды дамып келеді. Өз тарапымнан аз да болса осы салаға үлес қоссам деймін».

Толығырақ...

Хабарламаларға жазылу