Асқар Жайлаубай: Жеңістің 70 жылдығына арналған әннің тұсауын Ұлттық арнада кесеміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Жайлаубай: Жеңістің 70 жылдығына арналған әннің тұсауын Ұлттық арнада кесеміз

16.02.2015
Асқар Жайлаубай: Жеңістің 70 жылдығына арналған әннің тұсауын Ұлттық арнада кесеміз

Шығармашылығындағы жаңалықпен бөліскен әнші: «Мен ән айтумен қатар,  сазгерлікпен де айналысамын. Мейрамбек Бесбаев, Ақбота Керімбекова, Бауыржан Исаев, Мұрат Қожа сынды жұлдыздарға жиырмаға жуық ән бердім. Уақыты келгенде тыңдап та қаларсыздар. Кейбір әндерімді Бейбіт Қошқалиев, Ердос Қанаев сияқты достарым орындап  жүр»,-дейді.

Әнші сонымен қатар, Жеңістің 70 жылдығына орай бейнебаян түсіріп жатыр. «Негізгі тақырып – «Соғыстан қайтқан солдаттар». Соғыс бітіп, солдаттар өздері жиналып айтатын ән. Сөзі – Сырбай Мәуленовтікі, әні – өзімдікі. Жеңістің 70 жылдығына арналған әннің тұсауын осы Ұлттық арнада кесеміз»,-дейді ол.

Асқар Жайлаубай сазгерлікті 1999 жылдары бастағанын айтады. «Алғашқыда өзім үшін жазып жүрдім. Кейін әншілерге ұсынып көріп едім, ұнатты.  Сосын 2012 жылдан бастап, шындап қолға ала бастадым»,-дейді.

«Басты мақсатым – Қазақ еліне еңбегімді сіңіру. Махаббат, сезім деп біржақты кете бермей, Желтоқсанға, Наурыз мейрамына,  Жеңіске қатысты патриоттық әндер жазғым келеді»,-дейді әнші.

Сұхбатты толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу