Досымжан Таңатаров: «Келші Құланға» әніне бейнебаян түсірдім (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Досымжан Таңатаров: «Келші Құланға» әніне бейнебаян түсірдім (ВИДЕО)

13.10.2015
Досымжан Таңатаров: «Келші Құланға» әніне бейнебаян түсірдім (ВИДЕО)

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші Досымжан Таңатаров қонақ болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

«Биылғы жазғы демалыста елге бардым. Жамбыл облысындағы қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылынанмын. Сондағы кісілер ел туралы бейнебаян түсір деп біраздан бері айтып жүр еді. Құлан туралы кезінде Мэлс Өзбеков  «Келші Құланға» деген ән жазған. Сол әнге биыл әдемі мезгілде барып, Құланның сұлу төрін, қарақатты таулы мекені туралы бейнебаян түсірдім», - деді Досымжан Таңатаров.

Сондай-ақ, әнші бірнеше ән жазғанын айтты.

«Күз мезгілі - жинақталатын кез. Телеарна, радиоларға жаңа ән, бейнебаяндарымызды ұсынамыз. Биыл бірнеше ән жазып, бейнебаян түсірдім. Халыққа жаңа әндерімді ұсынуға дайынмын», - дейді Досымжан Таңатаров.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу