Қарағанды тұрғыны 10 миллион теңге ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды тұрғыны 10 миллион теңге ұтып алды

10.01.2014
Қарағанды тұрғыны 10 миллион теңге ұтып алды

Қарағанды тұрғыны «Супер Бинго» лотереясынан 1x100000 рекордтық коэффициентімен 10 миллион теңге ұтып алды. Бұл туралы «Супер Лото» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Елдегі кезекті миллионер 30 желтоқсан күні өткен ойынның 518-ші тиражында анықталған. Ойында қарастырылған 10 санның барлығы да сәйкес келген.

Компания хабарлағандай, ойыншы ең минималды 100 теңгелік ставкамен ойнаған. Егер ол сол кезде максималды 1 000 теңге ставка қойғанда, 100 миллион теңгені қалтаға басар еді.

Хабарламаларға жазылу