Калифорния тұрғыны 522 млн. доллар ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калифорния тұрғыны 522 млн. доллар ұтып алды

25.07.2018

Калифорния тұрғыны 522 миллион доллардың джекпотын ұтып алды. Соның 308 миллионын жеңімпаз ақшалай алады. Есімі әзірге белгісіз азамат сатып алған лотерея билетінің барлық алты саны тура келген. Осылайша, «Мега Миллионс» ойыны тарихында ұтысқа ие болғандардың саны бесеуге жетіп отыр.

Жалпы алғанда, бұл жолы үш миллиондай билет сатылыпты. Солардың ішінде жүлделі болғандары аз емес. Бірақ, олардың құны айтарлықтай төмен.

Бұған дейін тараған мәліметтерге қарағанда, Нью-Йорк тұрғыны дәл осы «Мега Миллионстан» 520 миллион доллар ұтып алған. Ал, тағы бір америкалық осындай қомақты ұтыстан кейін көп кешікпей қатерлі ісік сырқаты барын білген.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу