Америкалық азамат лотереядан 1 жарым миллиард доллар ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалық азамат лотереядан 1 жарым миллиард доллар ұтып алды

14.01.2016
Америкалық азамат лотереядан  1 жарым  миллиард доллар ұтып алды
Америкалық азамат лотереядан  1 жарым  миллиард доллар ұтып алды

АҚШ-тағы жүлде қоры ең ірі лотерея болын саналатын Powerball-дың джек-поты 1,5 млрд долларлық жүлдесін Калифорния тұрғыны ұтып алды.

Эрик Брегг есімді азамат Twitter- ге өзінің джек-пот ұтып алған билетінің суретін жариялаған. Ол билетті өзі туып-өскен Чино-Хиллс қаласындағы дүкендердің бірінен сатып алыпты. Оның билетіндегі 08,27,34,04,19 және Powerball аталатын 10 санының комбинациясы джек-пот иегері атануға мүмкіндік беріп отыр.

Әзірге ұтысқа ие болған азаматтың ақшаны қалай алатындығы туралы ақпарат жоқ. Егер жүлдені бірден алатын болса, оның қолына тек 960 млн доллар тиеді. Онда да салық бөлек алынады. Ал, жүлдені бірте-бірте алатын болса джек-пот 29 жыл бойы төленеді.

Бір қызығы әлеуметтік желілерде бірнеше сағаттың ішінде жүздеген Эрик Брегг есімді фейк аккаунттар пайда болды. Олардың арасында «менің твитімді ретвит жасаған әрбір адамға 1000 доллардан беремін» деген хабарлама жазып, сол ақпаратты таратып жатқандар да бар.


kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу