Қазақ киносындағы балалар образы
Ұлттық кинемотографияның озық үлгісіне айналған картинаның бірі де бірегейі – «Менің атым – Қожа». Ширек ғасыр бойы көрерменін жоғалтпаған ең үздік балалар фильмі Абдолла Қарсақбаевтың алғашқы туындысы екен. Әлі күнге экраннан түспеген фильмде ойнаған балалар қазір атпал азаматтар.
Ал режиссер Қанымбек Қасымбеков жүрген жерінде қалқаң құлақ, тісі жоқ балаларды іздеп жүреді екен. Соның бірі - «Шоқ пен Шердегі» Ғалымжан. Қалқаң құлақ бала кейін талантты актер Қамбар Уәлиев болып шыға келді.
1973 жылы бала бейнесін басқа қырынан көрсете білген тағы бір фильм жарыққа шықты. «Көксеректегі» Құрмаштың образы қайсар, өжет баланың бейнесін көрсеткендей еді.
Әліппесін құшақтап алып, мектепке барғысы келетін Алпамыс балақай образының 40 жылдан бері жалықтырмайтыны – өтіріктен, арамдықтан ада, тұнық сезімдерге толы фильм болғандығынан болар. Мұндағы оқиға танымал режиссер Қанымбек Қасымбековтің басынан кешкендері. «Бұл фильм – менің біртұтас өмірім»,-дейді ол бір естелігінде.
Сонымен қатар, «Ауылым Көктөбенің бөктерінде», «Сүйрік», «Саған күшік керек пе?», «Адамдар арасындағы бөлтірік» картиналары да балалар образын аша түскендей.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл спортшылар елуге жуық сенсация жасады
18.12.2025, 17:38
«Таза Маңғыстау» экочелленджі қорытындыланды
18.12.2025, 17:37
БҚО Тасқала ауданы халқы «Таза Қазақстан» акциясын өткізді
18.12.2025, 17:35
Үздік сауыншы Түркістан облысында
18.12.2025, 17:33
СҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
18.12.2025, 17:31
Қарағанды облысында жаңа құтқару бөлімшесі іске қосылды
18.12.2025, 17:29
Энергетика саласы – стратегиялық маңызды сала
18.12.2025, 17:27
Энергетикалық тұрақтылық – экономиканың басты тірегі
18.12.2025, 17:25