Басты Жаңалықтар Жергілікті тұрғындардың казиноға баруына тыйым салынды

Жергілікті тұрғындардың казиноға баруына тыйым салынды

Жергілікті тұрғындардың казиноға баруына тыйым салынды
Үндістандағы Гоа штатының билігі жергілікті тұрғындарға казинода құмар ойындарды ойнауға тыйым салды, деп хабарлайды РИА Новости.
 
1 наурыздан бастап ойын-сауық орталықтарын тек қана туристер аралай алады. Сонымен қатар, тұрғындардың Мандови өзеніндегі жүзбелі казинода ойнауға да құқы жоқ. Казиноға кірген адам турист екенін міндетті түрде дәлелдеуі тиіс.
 
Гоа — Үндістандағы ойын-сауық бизнесі заңдастырылған штаттардың бірі.
Бөлісу