Балалар онкогемотологиялық қызметіне - 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар онкогемотологиялық қызметіне - 25 жыл

27.06.2018

Биыл Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы жанынан ашылған Республикалық балалар онкогемотологиялық бөлімінің ашылғанына  - 25 жыл.

Елімізде 1993 жылға дейін, яғни, балалар онкогемотологиялық орталығы ашылмас бұрын бұл ауру айықпайтын және қатерлі деп саналды. Мәселені шешудің жалғыз жолы лейкозды емдеудің халықаралық хаттамасын енгізу болды.

Осы орайда Австрия мен Германияның халықаралық «BFM» бағдарламалық емін қолданудың арқасында 25 жылда емделушілердің ақ қан ауруының лимфобласты түріне шалдыққандардың 82 пайызы,  ал, қан ауруының ең қауіптісі миелойдты түрінің 62 пайызы жазылып шыққан. 

Ләззат Манжуова, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы директорының орынбасары:

Жалпы, біздің орталығымызда 115 төсек осы онкологиялық және гемотологиялық ауруларға шалдыққан балаларға арналған. Жылына 5000 мың бала емделіп шығады. Балалар Қазақстанның барлық өңірлерінен, көбінесе Оңтүстік және Алматыға жақын аймақтардан келеді. Қазіргі кезде емдеу нәтижелері артып жатыр, жылдан-жылға технологиялар жаңартылып, дамып келе жатыр. 

 

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу