«SOS балалар ауылдарына» – 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«SOS балалар ауылдарына» – 25 жыл

03.12.2019

Қазақстандағы «SOS балалар ауылдарынан» 25 жылда 581 бала түлеп шықты. Бұл орталықтар еліміздің астанасында және Алматы мен Теміртау қалаларында бар. Бүгін аталмыш балалар үйінің ашылғанына 25 жыл толып, тәрбиеленушілерді өсірген мамандар мен жобаның жетекшілері марапатталды. Жалпы осындай орталықтар әлемнің 132 елінде бар. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар өз үйінде тұрып жатқандай жағдайда өседі. Яғни, 4-5-еуіне бір-бір анадан бекітіліп, қалалық мектептерде білім алады. Айта кетейік, елімізде қамқорлыққа алу, патронат болу арқылы да балаларды мейірімге бөлеуге болады. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу