Өңірлердегі медицина мекемелері компьютермен толық қамтылмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлердегі медицина мекемелері компьютермен толық қамтылмаған

28.03.2018

Астана қаласы мен Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы медицина мекемелері компьютермен толық қамтылмаған. Бұл туралы Электронды денсаулық сақтау республикалық орталығының директоры Олжас Әбішев айтты. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру үшін алдымен барлық өңірді компьютермен және интернет желісімен толық қамту керек. Бұл мәселе 2020 жылға қарай шешілмек. Жалпы, Денсаулық сақтау саласын цифрландыру екі бағытта жүзеге аспақ. Оның біріншісі қазіргі қабылдауларды электронды жазбамен жүргізуді бастаса, екінші кезеңде бұрынғы қағаз күйіндегі мәліметтер цифрлы форматқа ауыстырылады.

Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Электронды денсаулық сақтау республикалық орталығының директоры:

- Мемлекеттік тапсырманы іске асыратын мекемелер бар, оның 35 пайызы жеке. Мемлекеттік тапсырмалармен жұмыс істейтіндер бұл жүйеге осы жылы, ал, Астана қарашаға дейін толығымен көшеді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу