Басты Жаңалықтар Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

Қырғыз жерінде өткен Көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын Қ. Тоқаев Ақордаға жинап, мемлекеттік наградалар табыстады.

Командалық есеп бойынша Қазақстанның бірінші орын алғанына орай таблицалар жоғалып, «мұндай есеп жүргізілмейді» деп, ақыр соңында қырғыз президентінің баспасөз хатшысы ресми мойындайтындарын хабарлады. Бәрібір мұндай жарыстар қазақ пен қырғыз ынтымағына сызат түсіре алмайды. Бәсеке болады, әрине. Дегенмен, екі халық та бір-біріне тілеулес. Біздің бауырмалдығымыз – шынайы. Әнебіреудің «бауырым» деп қойып, арқадан қанжар сұққанына, мысалы, біздер жиіркенеміз.


Бөлісу