Жұқпалы дерт өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұқпалы дерт өршіп тұр

11.07.2014
Жұқпалы дерт өршіп тұр

Африка елдеріне барып келгендер міндетті түрде сынама тапсырып, дәрігерге қаралуы керек.

Мұндай кеңесті Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі беріп отыр.

«Туроператорлар мен турагенттер Африканың батыс елдеріне баратындарды  міндетті түрде эпидемиологиялық ахуал туралы ақпараттандыруы қажет», дейді мамандар.

 Басты себеп - қазіргі таңда Батыс Африкада  Эбола безгегінен 467-ге жуық адам қайтыс болды.

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша,  осы ауруды жұқтырғандардың саны 753-ке жетіп, небәрі 1 аптаның ішінде бұрынғы көрсеткішке қарағанда 109-ға артыпты.

Бұл жұқпалы дерт  Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоне елдерінде өршіп тұр.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу