Жұқпалы дерт өршіп тұр

09.07.2019

Қазір демалыстың уақыты. Біреулер қаланың қым-қуыт тіршілігінен жусан иісі аңқыған ауылға асықса, енді бірі шет елге кетеді. Алайда мамандар мемлекетті таңдаған кезде абай болуды ескертеді. Әсіресе Батыс Африка елдері қауіпті. Мадагаскар мемлекетінде оба тарап жатыр. Конгода эбола, конго-қырым қызбасы, сары қызба сияқты аурулар көп. Бұл жұқпалы дерт Бразилияда да тіркелген. Егер алдын-ала жоспарланып қойған маңызда шара болса, екпе ектіріп шыққан абзал дейді мамандар. Себебі соңғы екі жылда Қазақстанға Тайланд, Үндістан, Сингапур және Вьетнам елдерінен 19 адам конго және денге қызбасын жұқтырып келген болатын.

 

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

 

Конго-қырым қызбасы бір жағдай биыл елге әкелінді. Ол Өзбекстанның азаматы. Биыл 5 жағдай тырысқақ ауруы, холера тіркелді. Ол Индиядан келген. барлығы дер кезінде оқшауланып емделді. Сол себепті ол таралған жоқ.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу