Коронавирус 100-ден астам мемлекетте анықталып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус 100-ден астам мемлекетте анықталып отыр

10.03.2020

Қытайда коронавирус эпидемиясы біршама бәсеңдеді. Бір тәулікте 17 адам көз жұмса, жұқпалы дертке шалдыққан 19 адам тіркелген. Бұл эпидемияның шарықтау шегімен салыстырғанда 10 есе аз. Сондықтан, Уханьда уақытша салынған ауруханалардың барлығы жабылды. Ал, ел президенті Си Цзиньпин қалаға күтпеген жерден барып, жағдайды өзі бақылап қайтты.

Қытайдағы жағдай оңалып келе жатқанымен, әлемде инфекция өршіп тұр. Италияда құрбандар саны 463-ке жетіп, 9 мыңнан астамы ауру белгілерімен тіркеуде тұр. Сондықтан, ел билігі карантин жариялап, 60 милион тұрғынға үйде отыруға кеңес беріп отыр.

Әлемде вирусты жұқтырғандар саны 113 мыңнан асып барады. Жұқпалы дерт 100-ден астам мемлекетте анықталып отыр.

Осыған байланысты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оның пандемияға айналып бара жатқанын, дегенмен оны бақылауға болатынын айтты.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ



Хабарламаларға жазылу