Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 56 миллион адамнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 56 миллион адамнан асты

19.11.2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 56 миллионнан асты. Аурудың ең көп таралу жағдайы Еуропа мен Америка едерінде тіркелген. Африка мемлекеттерінде вирус 2 миллионнан астам адамнан анықталды.

Францияда да 2 млн-дай тұрғын ковидке шалдығып, бұл ел АҚШ, Үндістан, Бразилиядан кейінгі орынға шықты. Дегенмен, мамандар қазанның соңында енгізілген ережелер оң нәтиже бере бастағанын айтуда. Қатаң шектеулер желтоқсанға дейін сақталады.

Ресейде өткен тәулікте жұқпалы дерт 21 мыңға жуық адамнан анықталды. Эпидахуал әсіресе ел астанасы – Мәскеуде өршіп тұр. Қала ауруханаларында орын жетіспей, науқастар госпитальге айналған көрме орталығында ем қабылдап жатыр.

Ал АҚШ-та енді үйден шықпай-ақ коронавирусқа тест тапсыруға болады. Экспресс-тест 14 жастан асқандарға арналған. Мұрыннан алынған сынама нәтижесі небәрі 30 минутта дайын болады. Өндірушілер алдағы уақытта мұндай тесті кез келген дәріханадан сатып алуға болады деп отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу