Коронавирус дүниежүзінде өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус дүниежүзінде өршіп тұр

03.03.2020

Әлемді шарпыған коронавирус эпидемиясы Қытайда бәсеңдегенімен, дүниежүзінде өршіп тұр. Бүгінде оны жұқтырғандар саны 92 мыңнан асып кетті. Жұқпалы инфекция Украина, Латвия, Исландияда да анықталды. Ал одан қорғайтын маска тапшылығы бірқатар елде байқалып отыр.

Эпидемия өршіген сайын, жазғы Олимпиада өте ме, жоқ па деген сауал көпті мазалауда. Халықаралық Олимпиада комитеті вирусқа қарамастан, ойындарды өткізудің амалын іздестіріп жатыр. Бірақ жарысты жанкүйерлер тамашалай алмауы мүмкін.

Ал вирус ошағына айналған Қытай болса, бірнеше клиникалық зерттеу орталықтарын ашуды жоспарлап отыр. Соңғы ақпарат бойынша бұл елде 31 науқас көз жұмып, эпидемияның ентігі басылған. Дегенмен, әлемдегі жағдай мәз емес. Қазір жұқпалы дерт 60-тан астам елде анықталып отыр. Дүниежүзі бойынша жұқпалы дерттен 3127 адам көз жұмып, оған шалдыққандар саны 92 мыңнан асып кетті.

Сонымен қатар, бүгін Украинада вирус жұқтырғандар алғаш рет анықталды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу