Қазақстан дәрігерлері шетелдік мамандардың қатысуынсыз күрделі ота жасады
Елімізде бірінші рет қаза болған адамның бауыры шетелдік мамандарсыз ауыстырылды.
Бауыр трансплантациясы - ең күрделі операция. Осы кезге дейін бауырға мұқтаж жандарға тірі донор, яғни, науқастардың туған-туыстары өз бауырының бір бөлігін беріп келді. Ал, қаза болған адамның бауырын алған кезде, оны тек шетелдік дәрігерлер жүзеге асырған еді.
Естеріңізге салайық, осыдан екі апта бұрын ми өлімі расталған 40 жастағы жігіт 4 адамға өмір сыйлаған еді.
Жүрегі 32 жастағы жігітке, бүйрегі кезекте тұрған екі науқасқа салынды. Ал, бауыры Орал қаласының тұрғыны Бақтылы Ибрашеваның өмірін ұзартты. Науқасқа қаза болған адамның бауырын өзіміздің дәрігерлер салды.
Ауыр операцияны басынан өткерген науқас қазір өзін жақсы сезінеді.
Бақтылы Ибрашева, Орал қаласының тұрғыны:
Донор табыла қалды. Мен күтіп жүрген соң келістім.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Телеарналар ғаламтор нарығымен бәсекеге түсіп жатыр
10.09.2026, 20:18
Ғасыр жасаған қарттардың отасқанына 70 жылдан асты
10.09.2026, 20:14
Экологиялық талапқа сай емес көліктерге шектеу қойылуы мүмкін
10.09.2026, 20:13
Президент: Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек
10.09.2026, 20:10
Медицинадағы цифрландыру: 31 млрд теңге үнемделді
10.09.2026, 20:09
Депутат бейәдеп контент үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды
10.09.2026, 20:08
Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады
10.09.2026, 20:06
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
10.09.2026, 20:05