Қарағандыдағы жедел жәрдем станциясына жаңа көліктер берілді

04.02.2014
Қарағандыдағы жедел жәрдем станциясына жаңа көліктер берілді
Қарағандыдағы облыстық жедел жәрдем станциясына тағы жеті көлік жеткізілді. Заманауи қондырғылармен жабдықталған әмбебап әр көліктің құны - 13 миллион теңге. Қаражат республикалық қазынадан бөлінген.
 
Бұған қоса Қарқаралы, Бұқар Жырау аудандары мен Теміртау, Балқаш қалаларына да бір көліктен берілді. Қазір тұрғындар арасында жүрек-қантамырлары  аурулары жиі кездеседі. Өкінішке қарай, кейде ауруханаға жетпей қайтыс болып кететіндер де бар, - дейді дәрігерлер.
 
Жаңа көлік жүрек талмасы ұстаған немесе қан қысымы көтерілген жандарға алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетуге мүмкіндік бермекші.
 
 
Роза Оразбаева, Ішкі аудит қызметінің сарапшы дәрігері:
Электрокардиограф, дефибриллятор, аксилог, кислород беретін ингалятор, тағы сол секілді көптеген аппараттар сапалы, жоғары деңгейде медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу