Пойызда сәби дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пойызда сәби дүниеге келді

09.01.2024

Ақтөбеге пойызбен бара жатқан жолаушы босанып, қызды болды. Әйелге жолсерік көмектескен. Сүйінші жаңалықты «Жолаушылар тасымалы» баспасөз қызметі хабарлады. Жем станциясына жеткенде жаңа туған қыз бала мен анасын жедел жәрдем қызметкерлері күтіп алған. Нәрестенің атын Малика деп қойған. Жалпы, соңғы үш жылда пойызда 11 сәби дүниеге келген.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу