Павлодарда жедел жәрдем қызметіне 59 жаңа көлік берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жедел жәрдем қызметіне 59 жаңа көлік берілді

19.06.2017

Павлодар облысында жедел жәрдем қызметінің автопарктері түгел көлікпен қамтылды.  Медицина қызметкерлері күніне орай дәрігерлерге 59 автокөлік табысталды. Жаңа көліктер негізінен аудандардағы шалғай елді мекендерге берілді. Дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, науқасты ауруханаға жеткізу ауылдық жерде өте маңызды. Жалпы, республика бойынша аймақтың жедел жәрдем қызметі ең үздік болып есептеледі. Нәтижесінде жүрек талмасы, қан қысымының күрт көтерілуінен болатын өлім деректері азайды. 

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу