Елордада жедел жәрдем көліктерінің саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жедел жәрдем көліктерінің саны артты

22.09.2020

Елордада жедел жәрдем көліктерінің саны 2,5 есеге артты. Былтыр паркте 64 машина болса, қазір 165-ке жетті. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Медициналық жедел жәрдем станциясы мен Полиция департаментіне 114 көлік сатып алынды. Оның 65-і полицейлерге, 14-і жедел жәрдем қызметіне берілді. Ал жыл соңына дейін станцияның медқызметкерлеріне тағы 35 автокөлік беріледі. Бұған дейін 50-ден астам реанимобильдер алып бергенбіз», - деді қала әкімі. 

Маусымдық тұмау мен коронавирус қаупі өскенін ескерсек, бұл көліктер қызметкерлердің жұмысын жылдамдатады. Өйткені жазда індет өршіген тұста жедел жәрдемге күніне 3 мыңнан астам шақырту түскен еді.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу