Ақмолалық дәрігерлерге 40 жаңа көлік табыс етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмолалық дәрігерлерге 40 жаңа көлік табыс етілді

14.06.2019

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында, ақмолалық дәрігерлерге 40 жаңа көлік табыс етілді. Оның 30-ы заманауи құрылғылармен жабдықталған реанимобильдер. Биыл барлығы 100-ге жуық техника мен медициналық жабдық алу көзделген. Материалдық-техникалық база шамамен 1 мың компьютерге толықпақ. Ол үшін 2,1 миллирад теңге қарастырылған. Жалпы соңғы 4 жылда - 800-ден астам техника алынды. 50 ғимаратқа күрделі жөндеу жасалды. 20 нысан қолданысқа берілді. Арнайы көліктер облыстық жедел жәрдем қызметіне және бірнеше аудандық ауруханаларға берілді. Алтауы Целиноград ауданына бөлінді. Себебі осы уақытқа дейін елорда маңындағы елдімекендерді жедел-жәрдем көліктерімен қамтамасыз ету өзекті болған.

Досбол Нұртазин, Целиноград аудандық жедел жәрдем бөлімінің аға фельдшері:

Целиноград ауданына алты жаңадан машина беріліп жатыр. Сол, Ақмол ауылы, Қоянды ауылы, Қосшы ауылы, Қабанбай батыр ауылы, Талапкер ауылы. Бұл бізге өте үлкен қуаныш. Осы машиналарды көптен күттік. Заманға сай жаңа жабдықтармен қамтылған. Жаңағындай осы ауылдық мекендерде халық саны күнделікті ұлғайғасын, шақыртулар көбейген сайын бізге жасалған үлкен қолдау. Бұған өте қуаныштымыз.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

 

 

Хабарламаларға жазылу