Атырау облысының жедел жәрдем станциясы 22 жаңа көлікпен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысының жедел жәрдем станциясы 22 жаңа көлікпен толықты

05.10.2020

Атыраудағы облыстық жедел жәрдем станциясына 22 жаңа көлік берілді. Заманауи техника толық автоматтандырылған. Әрі бейнебақылау жүйесіне қосылған. Науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралдармен толық жабдықталған. Биылғы жылдың қараша айында тағы 18 медициналық жедел жәрдем көлігі жеткізіледі. Ал келесі жылы 60 санитарлық автокөлік сатып алу жоспарлануда.   

Лаура Жанысбаева, облыстық жедел жәрдем станциясының кардиолог дәрігері:
Эпидемия кезінде қиындықтың бәрін көзімізбен көрдік. Бұрын-соңды болмаған осы машинаның ішінде видеокамера деген бөлім бар. Видеокамерадан біздің дер кезінде алғашқы көмек көрсеткенімізді, не жасағанымызды, науқастың жағдайы қандай болғанын бәрін көрсете алады. Біз өте қуаныштымыз.

Жандос Темірғали

Атырау жедел жәрдем

Хабарламаларға жазылу