Үштілділік – заман талабы

28.02.2019

«Nur Otan» партиясының кешегі съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үштілділік саясатын біртіндеп енгізуіміз керектігін және жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің ағылшын тілін аз уақытта меңгеріп алуы қиынға түсетінін айтқан болатын. Бұл мәселеге мұғалімдер қауымы әуелден мән беріп, тәжірибе алмасуды күшейткен.

Астанадағы №53 мектеп-лицейінде «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың қиындықтары мен шешу жолдары» атты семинар өтті. Шараны қалалық білім беруді жаңғырту орталығы мен мектеп-лицейі бірлесе ұйымдастырған. Ондағы мақсат – үштілділікті дамытып, жаратылыстану пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасынуына мүмкіндік жасау.

Сондай-ақ, семинарға «Ұстаз» кәсіби білім беру орталығының қызметкерлері мен Ұлттық білім академиясының Үштілділік білім орталығының өкілдері және 100-ге жуық мұғалім қатысты. Шеберлік сағаттары мен коучингтер ұйымдастырылды. Ағылшын тілінде сабақ берудің қыр-сырын және тың тетіктерін баяндады. Одан соң «Идеядан нәтижеге» атты көрме-экскурсиясы өтті.

Зәмзагүл Қиянова, №53 мектеп-лицейінің директоры:

- Егер біз билогия, химия, физиканы үштілде оқытатын болсақ, онда топқа бөліп, сағат санын қосса, оқулықтарда бір жүйеге келтірсе, тиімді болар еді.

Хабарламаларға жазылу