Цифрлық экономика – заман талабы

14.11.2018

Әлем экономикасын түрлі қауіп-қатерлер теңселтіп тұрған тұста біздің компания тұрақты өсім көрсетіп келеді. Бизнес форумның ашылуында «1С» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Дмитрий Годун осылай деді. Компания 15 жылдан бері бизнесті тиімді басқаруға арналған шешімдер мен сервис ұсынып келеді. Бүгінгі таңда әлемнің 23 елінің 750 қаласында өкілдігі бар. Спикерлер цифрлық мемлекет пен экономика болашағы жайлы ой бөлісті. Сонымен қоса, мемлекеттің неліктен бұлтты жүйеге көшіп жатқанын, электрондық бюджеттің қажеттілігі жайлы баяндама жасады.

Дмитрий Годун, Қазақстандағы «1С» өкілдігінің директоры:

- Қазақстан көлемінде бізбен бірге жұмыс істейтін 680-нен астам ІТ компания бар. Біз ұсынған «1С» бағдарламасы бизнесті жүргізуді автоматтандыруға септеседі. Бүгінгі форумға 300-ден астам қонақ келді. Міне, осыншама компания біздің қызметімізге жүгініп отыр.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу