Медиацияға мән беру – заман талабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медиацияға мән беру – заман талабы

17.07.2014
Медиацияға мән беру – заман талабы

«Медиацияны тәжірибелік дамыту» деген атаумен Алматы ауданының әкімдігінде дөңгелек үстел өтті. Жиында Медиация институтының мүмкіндігін кеңірек пайдалану жайы сөз болды. Сондай-ақ, осы жүйені дамытуға бағытталған іс-шаралар жоспарын түзу мәселесі талқыланды.

Жалпы медиация тараптардың бітімгершілікке келуін көздейді. Яғни, қандай да бір мәселе бойынша келіспеушілік туған жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар оны сотқа жеткізбей, өзара келісім жағдайында шеше алады.

Екі арадағы келісім медиаторлар арқылы жүзеге асырылады. Бұл қазақ қоғамында бұған дейін де болған. Оны билер жүзеге асырған. Сондықтан қазір білікті медиаторлардың санын көбейту өзекті.

Сара Ыдырысова,«Келісу» кәсіпқой медиаторлар одағының төрайымы:

Былтыр біз 40 медиатор дайындадық. Биылдың өзінде 20 медиатор дайындап үлгердік. Қыркүйектен бастап тағы жиырмасын оқытамыз. Олар қазірдің өзінде біраз істерді сотқа жеткізбей шешіп жатыр. Ал, соттың соңында 2-3 жыл жүріп, соңында сотталумен бітсе, ол – кімге тиімді? Сондықтан медиаторлардың көмегіне жүгінген жөн.

Досымжан ЕРМҰРАТ

 

Хабарламаларға жазылу