Биоалуантүрлілікті дамыту заман талабы

26.04.2017

Жаһандық биоалуантүрлілікті қаржыландыру бастамасы табиғатты қорғап, кедейліктің алдын алып, ғаламдық қауіпсіздікті сақтауға мүмкіндік береді. Бұл - БИОФИН ғаламдық жобасын жүзеге асыруға арналған жиынға қатысқан Азия-Тынық мұхиты аймағы сарапшыларының пайымды пікірі. Алқалы басқосуға арнайы келген мамандар биоалуантүрлілікті қаржыландыру жаһандық бастамасына бөлінген 29 млн. долларды тиімді пайдаланудың жолдарын кеңесті.

БҰҰ бөлген қаржы мемлекеттік органдармен бірлесіп жүйелі игерілсе, әлемдегі катаклизмдердің алдын алуға зор мүмкіндік береді. Себебі, табиғи ресурстарға ғана негізделген өндіріс экологиялық мәселелерді туғызады. Қазіргі кезде субсидияның 97 пайызы өндірістік, табиғатқа зиян келтіретін энергетика саласына, теріс субсидияға беріледі. Ал, 3 пайызы ғана ауыл шаруашылығына арналған оң субсидияға бөлінеді. Сондықтан, мамандар оң субсидияларды біртіндеп көтеріп, теріс субсидияларды азайту жобасын дайындаған. Жаңа жоба жүзеге асса, жер шарындағы жаһандық қауіптердің алдын алуға мүмкіндік ашылмақ.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу