Ағылшын тілін білу – заман талабы

30.06.2017

Ағылшын тілін меңгеру – бүгінгі заманның талабы. Мұны «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасының өзі де атап көрсеткен болатын. Осыған орай Қостанайда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» облыстық филиалы жергілікті мұғалімдерге ағылшын тілін үйретуді қолға алды. Себебі, алдағы уақытта мектептерде жаратылыстану пәндерін тек осы тілде оқыту жоспарланып отырғаны белгілі. Қазір орталықта 17 мұғалім де өз пәндері бойынша ағылшынша сабақ түсіндіру тәсілдерін үйреніп жатыр.

Оларға Англиядан арнайы шақыртылған Кембридж университетінің мамандары дәріс оқиды.  

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу