Келер жылдан бастап елімізде сырттай оқу жүйесі тоқтатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылдан бастап елімізде сырттай оқу жүйесі тоқтатылады

16.10.2018

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты. Министрдің мәліметінше, мұндай норма жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейтуге қатысты заңнамалық түзетулерде қарастырылған. Сырттай бөлімде білім алып жатқан студенттерге оқуын аяқтауға мүмкіндік беріледі. Сағадиевтің сөзінше, бұл жүйеде оқитындар бағдарламаның тек 65 пайызын ғана игереді. Енді оның орнын қашықтықтан оқыту жүйесі басады. Қазақстанда сырттай оқуға 2010 жылы шектеу енгізілген болатын. Сол кезден бастап бұл бөлімге тек жоғары немесе орта арнаулы білімі бар талапкерлер қабылданды. Мамандықтар тізімі де қысқарған еді. Айталық, медицина, ветеринария, құрылыс мамандықтары бойынша жоғары білім тек күндізгі бөлімдерде беріледі.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу