Астанаға елдің түкпір-түкпірінен мұғалімдер жиналды. Олар министрлік ұйымдастырған «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары. Ұстаздардың мәртебесі мен беделін арттыру мақсатында 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан байқауға 7 жылда 31 420 мұғалім қатысқан. Биылғы білім сайысына қалалардан 4 мыңға жуық, ал облыстардан 700-ден аса үміткер педагог құжат өткізген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2 есеге көп.
Байқау қорытындысы бойынша 48 орта мектеп мұғалімі мен 16 колледж оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың кеуделеріне «Жылдың үздік педагогы» төсбелгісі тағылып, 2 жарым млн. теңге көлемінде сыйақы табыс етілді. Соңғы жылдары байқауға ауылдық мектептерден қатысушы мұғалімдер көбейген. Бұл аталмыш саладағы жаңартылған білім реформасының нәтижесі.
Салтанат Досмағамбетова, «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы \Павлодар облысы\:
- Бүгінгі күні мұғалімдердің жұмысы өте жақсы бағалануда. Мұндай жетістікке жетуге мүмкіндігі бар. Мен ауылдық мектептен болғаннан кейін ерекше қобалжып тұрмын. Себебі, ауыл мектебінен үздік педагог атану деген ол - үлкен мәртебе.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.