Білім ордасын жеке бизнесіне айналдырған. Ақтөбеде мектеп директорлары қызметке туыстарын қабылдаған. Бұл жөнінде облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері мәлімдеді.
Мұндай деректер Алға, Шалқар, Мұғалжар аудандарында анықталды. Мектеп басшылары мұғалімнен бастап, көлік жүргізушілері мен күзетшіге дейін жақын-жуығын алған. «Мониторинг әлі жүріп жатыр, сондықтан, нақты қай мектептерде заң бұзылғанын тап басып айта алмаймыз», - дейді мамандар. Тексерістің қорытындысы кейін жарияланатын болады.
Ербол Толыбаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:
- Жұмысқа қабылдаған кезде жақын туысына артықшылық берілуі мүмкін. Осы жағы заңнамамен қаралып жатыр. Нақты жағдайлар бойынша заңнамалық дәлелдемелерге сұраныс жіберілді. Ол дәлелденген жағдайда ғана айтуға мүмкіндік болады.
Жақсылық КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.