Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу базасы 50 пайызға жаңарып, сынаққа 80 мың сұрақ дайындалды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мәлімдеді. ҰБТ-2018-ге әзірлік қалыпты жағдайда жүріп жатыр, дәрісханалар жабдықталып дайын тұр. Талап-ережелерде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Алайда, орталық директоры аппелляция мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Өтініш-шағымдарды қарау үшін аранйы республикалық комиссия құрылып отыр. оның құрамына 54 адам кіреді. Былтыр ҰБТ-дан соң 198 апелляциялық шағым түссе, олардың 50 пайызы техникалық мәселелерге байланысты болған.
Рамазан Әлімқұлов, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры:
- Биыл 700 мың рет онлайн сынақ-кітапшадан біздің түлектер өтті. Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға 100 мың түлек өтініш берді. Соның ішінде орташа шаққан кезде әр түлек 7 рет өзін байқау сынақтан өткізгені мәлім.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.